Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бүгін – Қанат Исламның туған күні

Қанат 2010 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, «Астана Арландары» кәсіби клубында 2012 жылға дейін өнер көрсетті. Қазір кәсіпқой бокста, Нельсон промоутерлік клубы атынан шығып жүр.

Қазақ боксшысы спорттық мансабында 25 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Лақап аты – Qazaq.

Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов пен Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, Қанаттың соңғы жекпе-жегі 9 қыркүйекте Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтті. Бокс кешінде Қанат Ислам қарсыласы канадалық Брендон Кукті тоғызыншы раундта техникалық нокаутқа жіберіп, өзінің 25-жеңісіне қол жеткізді. Бұл жекпе-жектен соң отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қорғап қалды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз