Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

145

Оңтүстікте және оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын күтіледі.

Қазақстанның  басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман мен желдің күшеюі болжанады, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпіндегі жел сақталады, түнде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанады.

Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын мен тұман күтіледі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде сондай-ақ тұманды болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз