Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 29 наурыз күні республиканың кей жерлерінде, солтүстік және батыс аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Жекелеген жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады, республиканың солтүстік, батыс аймақтарында бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарында найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с артады, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында желдің екпіні – 23, Ақмола облысында 25 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, найзағай болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында тұман, күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.