Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
20
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстанда – дауыл болады.

Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай байқалады, жел 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, Алматы облысында – тұман.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейеді 15-20, екпіні 23 м/с, таңертең және күндіз найзағай болады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарындың кей жерлерінде жел күшейеді 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында түнде және таңертең – найзағай. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз найзағай болады.
Алматы, Атырау облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз