Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Бүгін еліміздегі ауа райы тұрақсыз болады 

Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстік-шығысында күн ашық болады,

«Қазгидромет» РМК-нің ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетсе, жекелеген аудандарда ол одан сайын өршеленіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде кейбір аймақтарда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз елдің басым бөлігінде 15-20 метр, ал екпіні 23-28 метр болады.

Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Кейбір аудандарда шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кейбір жерлерде бұршақ жауады.

Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таң ата бірқатар аймақтарға тұман түседі.

Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында өрт қаупі туындауы ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз