Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Бүгін елімізде жауын-шашынды болып, күшті жел тұрады

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің күші 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында желдің жылдамдығы 23-28  м/с артып, жаяу бұрқасын болжанады.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде 18 м/с екпінде жел соғады, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-25 м/с артады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз