Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бүгін ел аумақтарында жел күшейіп, тұман түседі

Алматы облысының Жаланашкөл аймағында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз