Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бүгін Астананың 9 ауданында “свет” болмайды

111

Сол секілді осы уақыт аралығында №2 КТП-1935 стансасы істен шығарылады, яғни Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданындағы Масаты, Қобыз, Бесбалық, Қошқарбаев көшелерінде жарық сөндіріледі.

Түскі 14.30 бен кешкі 18.00 уақытына дейін № ТП-3164, ТП-1643, КТП-1992, ТП-565 стансалары да жарық беруді тоқтатады. Бұл Тәуелсіздік даңғылынан Вылетной көшесіне дейін (Депутат қалашығы), Шұбар ықшам ауданындағы Көктем көшесі, Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданындағы Жанкент, Балқантау, Обаған, Қолыраулы көшелері, Мүсірепов көшесі болып келеді. –

Таңғы 09:30-17:30 аралығында №ТП-340 стансасы жұмысын тоқтатады. Бұл Бөгенбай даңғылы-59, 63, Айманов көшесі-16, 16/1, 18, Дүкенұлы көшесі-26, 28, 28/1, 30, 32/1 үйлері болып келеді.

Таңғы 09:00-17:00 аралығында №8 РП-41 стансасы Сейфуллин көшесі, Абай даңғылы, Жиенқұлов қиылысы, Омаров, Сырдария, Асан қайғы, Әлімжанов, Тараз көшелеріне жарық беруді тоқтатады.

Сарыарқа даңғылында бір сағаттай уақыт, яғни 15.00-16.00 аралығында жарық болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз