Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бүгін Астанада Open air шоуы өтеді

Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың айтуынша, елордада ашық аспан астында өтетін концерт шетелдік концерттен еш кем болмайды, ал қонақтар саны бұған дәлел бола алады.

«Осындай ауқымды шараларды өткізу тәжірибесі бізді бәсекеге қабілетті қылады, Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бәріміздің де алдымызға қойған міндет – осы», – деді ол.

Қонақтар саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы open air шарасы ЭКСПО–2017 көрмесінің аумағында орайластырылып, оны 50 000 адам тамашалаған болатын. Биыл ұйымдастырушылар 80 мың адам келеді деп жоспарлап отыр.

Қазақ елі монументінің алдындағы алаңда 30-ға тарта отандық және ресейлік жұлдыз өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Маржан Арапбаева, Қайрат Нұртас, Ринат Малцагов, Бейбіт Қошқалиев, Мөлдір Әуелбекова, Райм мен Артур, «Ринго», «Музарт Life», «91» топтары, Дима Билан, Натан, Сергей Лазарев, «Градусы» тобы, Анна Седокова, Елена Темникова, Макс Барских, Анна Семенович және басқалары.

«Қазақстандық эстрада өз тыңдармандарына лайықты шығармалар ұсынады және үлкен аудитория жинауға қабілетті», – дейді Болат Мажағұлов.

Биыл «Ұлы дала бірлігі» концерті қасиетті Рамазан айында өткізіліп отыр. Әрине, ұйымдастырушылар бұл жағдайды да ескерді. Концерт бағдарламасында ауыз ашу мен кешкі намаз оқу үшін үзіліс жасалады. Айта кетейік, концертті көру үшін алаңға келе алмағандар оны Жетінші арнадан тікелей эфирде тамашалай алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз