Шенеунік әкенің тәртіпсіз баласы – Мақсат Үсенов тағы да бүлік шығарды. Бұл жолы ұшақ ішінде.
Бұл туралы кәсіпкер, тележүргізуші әрі қоғам қайраткері Павел Коктышев өзінің әлеуметтік желідегі жеке пақаршасында жазды.
“Бүгінгі рейспен Бангокқа Мақсат Үсеновпен бірге бардым. Біздің соттан сұрағым келгені: Не себепті мен мұндай тәуекелге баруым керек?” – деп жазды ол әбден ашуланып.
Сөйтсе Үсенов ұшақта бүлік шығарып, жолаушылардың мазасын әбден алыпты. Жолсеріктен темекі шегуді сұрап, тіпті ақша (200 $) ұсынған. Кейіннен акт толтырып, ақыры темекі шеккенге ұқсайды.
“Ұшақ қызметкерлері оның әр ісін қадағалап отырды. Белбеуді тағудан бас тартып, ешкімді тыңдамады. (Ол әкесі физика заңдылықтарынан да қорғайды деп сенетін секілді)”, – деп жазады Коктышев желідегі парақшасында.
https://kaz.365info.kz/bas-prokuror-atyshuly-ma-sat-senov-isi-bojynsha-t-sinikteme-berdi-212657
Кәсіпкер ұшақ жерге қонғанда Үсеновты жергілікті полицейлерге тапсырғанын атап өтті. Бірақ ол тағы да әкімшілік жазамен құтылып кеткен секілді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы тұрғыны Мақсат Үсенов 2013 жылы мас күйінде көлік айдап, 6 адамды қағып кеткен болатын. Одан бір жігіт қаза тапты. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын.