Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Бұғалтыр қателесіпті…”. Сағынтаев депутаттар алдында қара терге түсті

199

Михаил Чирков, депутат

“Бұл кем дегенде үш нәрседен хабар береді: сапасыз жоспарлау, уақытылы игермеу, соңғы нәтижеге қол жеткізбеу.

Бұл – республикалық бюджеттің шамамен 5 проценті, ел экономикасы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істемеген.

Өткен жылдары бюджеттің орындалуы туралы есептерді қарау кезінде Үкімет қажетті шараларды қабылдап, жағдайды түзетеміз деп сендірген еді.

Алайда бүгін біз басқа көрініске куә болып отырмыз: 2016 жылы 268 миллиард теңге тиімсіз игерілсе, 2017 жылы ол 508 миллиард теңгеге жеткен”.

Бұған Бақытжан Әбдірұлының өзі жауап беруге тырысты. Бірақ бұл нақты жауаптан гөрі ақталуға көбірек ұқсады. Өйткені ол кісі бұл арадағы бар бәлені Үкіметтен алып, есепшілерге итере салды.

Иә, Үкімет басшысының айтуынша, игерілмеген бюджет қаражаты есепшілердің техникалық қателігі екен.

https://kaz.365info.kz/mygalimderdin-ajlygyn-koteruge-akhsha-zhokh-bakhytzhan-sagyntaev-307262

“Сіз келтірген цифрларға келсек, бір қарағанда игерілмеген қаржы сомасы 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Алайда тереңірек үңілсек, бұл цифрдың 80 проценттен астамы – біздің бухгалтерлердің жіберген техникалық қателігі.

Бұл – қаржылық емес, техникалық заң бұзушылық. Ал қалған 20 процент жүйелік сипатқа ие. Сондықтан біз бухгалтерлердің біліктілігін көтеру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бұл енді қолға алынып жатқан үлкен жұмыс. Бірақ жүйелік сипат алып отырған заң бұзушылықтарды шешу керек”, — деп жауап берді Премьер-министр.

Әрине, Үкімет басшының бұл сөзіне сенелік делік. Бірақ, одан соң санада көп сұрақ туады ғой. Сонда дейм де Үкімет жалдаған бухгалтерлердің біліктілігі шынымен де төмен бе? Төмен болса бұған дейін қалай шатаспаған олар? Техникадан көрсек кінәні, ол бюджет ақшасын есептегенде ғана бұзыла қалған ба?

https://kaz.365info.kz/yyat-zhokh-eken-ozderinde-sarapshylar-bizdin-ekonomikany-kimder-baskharyp-otyrganyn-ajtty-287389

Сонда бүтін бір елдің Үкіметінің техникалық қауіпсіздік жағдайы соншалықты мүшкіл ме? Миға сыймайтын осындай сұрақтар туады адамдарда. Бірақ оған да тұщымды жауап бола қоймас-ау…

https://kaz.365info.kz/halykhkha-shyndykhty-ajtyndar-deputattar-ykimetke-bir-kyn-uakhyt-berdi-283973

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз