Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Букмекелерлік кеңселер Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіне бәс қабылдай бастады

Букмекерлік кеңсе мұндай бәсті Ұлыбритания мен Ирландияда қабылдай бастаған: Головкиннің жеңісіне – 1.25, Альвареске 3.75 коэффициенті тағайындалған.

Мекеме „Екі боксшы тең түседі„ деген болжамның соммасын 25 есеге көбейтуге әзір екендігін де мәлімдеді. Бұдан бөлек, Геннадий Головкин ұпай санымен жеңсе – 4, нокаутпен – 1.6 коэффициенті белгіленген, ал Альварестің жеңісіне сенім аз. “Канелоның” ұпаймен жеткен жеңісіне 5.50 берілсе, нокауттың коэффициенті 11-ді құрап отыр.

Алайда бұл жекпе-жек келесі жылы 31-желтоқсанға дейін өтпесе, барлық бәстер автоматты түрде жойылады.

Айта кетейік, кәсіби бокстың жанкүйерлері Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін көптен бері күтіп жүр. Аталған кездесу биыл өтеді деген болжам болған. Алайда Альварес өз белбеуінен бас тартып, бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайындалу қажеттігін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз