Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бритни Спирс 2028 жылы Олимпиада ойындарына қатыспақ

Танымал жұлдыз жаттығулардың арқасында жеткен жетістіктерін көрсетуден жалыққан емес. Мәселен, күні кеше Бритни желідегі парақшасында акробатикалық жаттығулар жасап жатқан видеосын жариялады. Онда әнші күрделі жаттығуларды жаттықтырушының көмегінсіз өздігінен орындаған. Видеоны 1,5 миллионнан аса адам тамашалап үлгерген.

https://kaz.365info.kz/ninety-one-nan-keshirim-syrasyn-asha-mataj-ne-dep-khojdy-video-280962

«Кеше гимнастика залында көңілді күн өткіздім. 2028 жылғы Олимпиада ойындарының Лос-Анджелесте өтетініне қуаныштымын. Қазірден бастап дайындалып жатырмыз», – деп жазды Бритни.

Фанаттар Бритнидің аэробикаға деген икеміне тәнті болғандарын жеткізді.

https://www.instagram.com/p/BZOwBF2FZBI/?taken-by=britneyspears

Атап өтетін жайт, өткен өмірінде талай қиыншылық болса да (жүйкесінің сыр беруі, есірткіге әуестігі, т.б.), қазіргі Бритниден үлгі алатын қыздар көп.

https://kaz.365info.kz/khajtadan-ysheu-boldykh-keshyu-tobynyn-khyramy-tagy-da-ozgerdi-280957

https://www.instagram.com/p/BYt6umwAHWH/?taken-by=britneyspears

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз