Ұлыбритания билігі ел аумағында мүлкі бар шетелдік компаниялардың иелерін жариялауды міндеттейді. Елде жеке меншік бенефециарларының алғашқы қоғамдық тізімі құрылады.
Англиядағы және Уэльстегі шамамен 100 000 нысан шетелдік компаниялардың иелігінде, делінген мәлімдемеде.
Компаниялар жеке меншік бенефециарлары туралы ақпараттың қоғамдық тізіміне тіркелуге міндеттеледі. Тізім келесі айда іске қосылады. Франция, Нидерланды, Нигерия және Ауғанстан Британиядан үлгі алып, өз тізімдерін құрады. Австралия, Жаңа Зеландия, Иордания, Индонезия, Ирландия және Грузия мұндай тетіктерді құру бағытында жұмыс істеуге уағдаласты.
«Шетелдік компанияларға арналған жаңа тізім жемқорлардың қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Олар мемлекет қаражаты есебінен пайда таппайды», – делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар хабарламада Ұлыбританияда әлемдегі бірінші Халықаралық жемқорлыққа қарсы үйлестіру орталығы құрылатыны аталып өтілді. Ол Лондонда орналаспақ. Бұл ретте Британиямен АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария және Интерпол ықпалдасатын болады.