Бразилияның Сержипи штатында бөгде адамның мүлкін бүлдіргені үшін жылқы “тұтқындалды”, – деп хабарлайды РИА Нововсти.
Жылқының иесі Уильямс Фрасишку душ Сантуш жануарымен серуендеп жүрген кезде оларға бірнеше адам келіп, жылқыға мінгісі келетінін айтқан. Иесі қарсы болмағанымен, жылқы үркіп, олар отырған көлікті теуіп жіберген. Оқиға орнына полициця келіп, жылқыны бөлімшеге алып кеткен екен.
“Бөлімшеге келгенімде жылқы темір торда қамаулы тұрды, ол бір қылмыскердей. Оған жем де, су да бермей, тар жерге тығып тастаған. Мен түнде оған жем апарғанмын, ал бүгін олар жем беруге рұқсат бермеді”, – дейді Сантуш.