Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орынды иеленді. Тәуліктік рекорд – 67 860 адам.
Мамыр айының ортасынан бастап Бразилиядағы вирус жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 10 мың адамнан асады.
Ауырғандардың басым көпшілігі Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Сеара және Амазонас Штаттарында анықталды. Індетке қарсы күрес жөніндегі шаралар штаттар деңгейінде енгізіледі, мысалы карантин режимі немесе жекелеген аудандарға баруға тыйым салу.
Бразилиялық эпидемиолог Алешандре Калаше елдегі эпидемияның нақты ауқымы бұдан да күрделі деп санайды: статистикада дәрігерлерге жүгінуге мүмкіндігі жоқ фавел тұрғындарын (13 млн-ға жуық адам) есепке алынбаған.
Амазонас штатының билігі жаппай локдун енгізбесе де (тек жеке қалалар ғана қатаң шараларды енгізді), төсек санын көбейту және дәрі-дәрмек сатып алу туралы хабарлады.
Бұл жағдайды штаттың көптеген жерінде қажетті инфрақұрылымның жоқтығы қиындата түседі, соның салдарынан пациенттердің басым көпшілігін астанаға Манаусқа ауыстыруда.
25 мамырда АҚШ соңғы екі апта ішінде Бразилия азаматтары мен осы елде болған шетелдіктердің кіруіне уақытша шектеу қойды.
Американдық и нституттың болжамы бойынша тамызға дейін жағдай реттелмесе Бразилияда вирустан қайтыс болғандар саны 150 мыңға жетуі мүмкін.