Карантин мегаполис тұрғындарын үйде отырып, белгілі бір арақашықтықты сақтап, көшеде тек итпен серуендеуге және бетперде киіп жүруге үйретті. Осы рефлекстер біздің бойымызда әлі ұзақ уақыт бойы, «бейбіт» кезде де сақталып қалатын секілді.
Бос қалған Панфилов көшесі. Тіпті түнгі уақытта да мұндай тыныштық болмаған шығар:
«Алматылық дос» жападан-жалғыз отыр:
Ит — адамның досы. Иті бар адамдарға серуендеуге рұқсат берілген:
Ресторандар тәулік бойы тамақ жеткізетін болды. Жеткізушілер ғана қалада еркін жүріп-тұра алады:
Алматыда карантин кезінде Шарипов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жаңа мурал пайда болды. Жалмауыз вируспен күресіп жүрген дәрігерлерге деген құрметтің белгісі:
Сүйікті кофейнялар мен ресторандарды шаң басып үлгерді. Адамдарсыз бұл орындардың мәні жоқ:
Біз полицияның қорғауындамыз:
Алматылық автобустарда тегін жүргенді ұнататын адамдар үйлерінде отыр:
Сәуірде әдеттегідей қызғалдақтар гүлдей бастады:
Кішкентай, бірақ паң жалғыз гүл: