Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Болашақ педагогтер жоғарылатылған шәкіртақы ала бастады

Сурет: REUTERS / Shamil Zhumatov

2019 жылы болашақ педагогтердің шәкіртақысы 21 мың теңге болған. Желтоқсан айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ол 26 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Президенттің мамыр айының соңында ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес шәкіртақы көтерілді. Сонымен қатар, маусым айында педагогикалық мамандықтарға түсу үшін ҰБТ-ның ең төменгі балы 70-ке дейін көтерілді.

«Осы шаралардың және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануының арқасында 2020 жылдың өзінде педагогиканы таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны 1,7 есеге артты, ал көптеген бағыт бойынша орташа балл 100 балдан асты, —

деген  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзін ведомствоның баспасөз қызметі келтіреді. —

Егер бірнеше жыл бұрын біз педагогикаға түсушілердің орташа балы шамамен 65 балды құрайды және педагог мамандығына көп адам қызықпайды деп айтатын болсақ, енді жоғары балдары бар мықты түлектер түсе бастады.

Сондай-ақ, ҰҚСК қорытындысы бойынша тапсырмалар шеңберінде қыркүйек айынан бастап докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ұлғайды. Мұндай шара, әрине, жас ғалымдарға жақсы қолдау болды, өйткені докторанттардың отбасылары бар және  зерттеу жүргізумен айналысады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік гранттың құны бірнеше есе өсті, бұл жоғары оқу орындарына оқытушылардың жалақысын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға мүмкіндік береді. ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген Президенттің барлық тапсырмалары ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалады».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз