Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мұнда болашақ жоқ…”. Халық неге Қазақстаннан кетіп жатыр?

464

Сұлтанбек Сұлтанғалиев

Оның айтуынша, бұл жерде мәселе елімізге қанша адамның келгенінде немесе кеткенінде емес,

ең бастысы, осы екі топтың сапасында.

— Қазақстаннан кім кетіп жатыр? Әдетте, елімізден шетелде сапалы білім алуға ұмытылған жастар немесе өмірдегі өз орнын айқындаған, арнайы орта немесе жоғары білімі бар еңбекке жарамды орта жастағы адамдар кетеді.

Әлбетте, олар елімізге пайда келтіруші еді, бірақ жақсы өмір, қолайлы тұрмыс іздеген олар түрлі себептерге байланысты Қазақстаннан кетуді жөн көріпті.

Ал біліктілігі жоғары кадрлар мәселесіне келетін болсақ, олар елден кеткендердің жалпы санының 2 процентін ғана құрайды, — дейді Сұлтанғалиев.

Сонымен қатар, саясаттанушы елімізге келіп жатқандар туралы толыққанды ақпарат таба алмағанын мойындады. Бірақ елге оралғандардың көпшілігі Өзбекстаннан, Монғолиядан және Қытайдан келген оралмандар екенін алға тартты. Назар аударар жәйт, ол оралмандардың кәсіби біліктілігіне үлкен күмәнмен қарайды екен.

https://kaz.365info.kz/shydatpady-khazakhstannan-koship-bara-zhatkhan-khazakh-shyndykhty-ajtyp-ketti-300079

— Атап айтарлығы,

оралмандарға жеңілдіктердің алынып тасталуы салдарынан, олардың елге оралуы өткен жылдармен салыстырғанда, елеулі түрде азайды,

— дейді жағдайды түсіндірген Сұлтанғалиев.

Дегенмен саясаттанушы ол үшін үлкен байбалам шығарудың қажеті шамалы, өйткені оның пайдасы шамалы деген пікірде. Алайда азаматтардың елден не себептен кетіп жатқанына байыппен қараған жөн екен, бірінші кезекте, билік басындағыларға. Сарапшы мұндай байсалды сараптама жасау шенділердің халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын елеулі түрде жақсарту қажеттігіне көз жеткізуіне мүмкіндік береді деген үмітте екен.

— Елімізден кетушілер санының жылдан жылға өсіп жатқанының басты себебі, менің ойымша,

адамдардың өз мүмкіндіктерін толыққанды пайдалана алуына қажетті жағдайлардың болмауында.

Әрине, ұлттық мәселені де мүлдем жоққа шығаруға болмас, бірақ менің пікірім бойынша, ол шешуші рөл атқарып отырған жоқ —

өйткені елден кетіп жатқандар орыстілді басқа ұлт өкілдері ғана емес, олардың қатарында қазақтар да бар

Олар өз отанында өздерінің және балаларының болашағын көріп отырған жоқ. Ал қанша қазақстандықтардың затарын буып-түйіп, қоныс аударуға дайын отырғанын, ал тағы да қанша адамның елден кету жөнінде ойлана бастағанын ішіңіз сезіп отырған шығар, — дейді сөзін түйіндеген Сұлтанғалиев.

https://kaz.365info.kz/oralman-agalardy-abden-khinady-til-zhanashyry-vokzaldagy-sorakhy-zhajtty-zhajyp-saldy-294485

Сабыр сақтаған жөн

Саясаттанушы Замир Қаражанов бұл мәселе жөніндегі басқа пікір ұстанған сарапшылар қатарына жатады. Ол вице-министр сияқты келтірілген статистикада соншалықты қорқынышты ештеңе жоқ деген пікірде. Айтуынша,

халқының саны 18 милионн адамнан асатын ел үшін бұл цифрларда тұрған ештеңе жоқ.

Замир Қаражанов

— Жақында статистиканы қарадым, оған сәйкес, 2017 жылы бір ғана Омбы қаласынан 50 мыңнан астам адам көшіп кеткен, ал ол қалада 18 миллион емес, небары 1 миллиондай адам тұрады, — дейді Қаражанов.

Замануи жағдайда халық эмиграциясы — қалыпты құбылыс, дейді саясаттанушы. Мәселен, тіпті, 2010 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесі отандастарымыздың 10 проценті елден кетуге пікір білдірген-ді, ал ол кезде мұнай бағасы жоғары болып, қазақстандардың басым көпшілігінің тұрмысы деңгейі де жақсы болады.

Сондықтан адамдардың елден кетуіне әруақытта еліміздегі экономикалық жағдай әсер етпейді.

https://kaz.365info.kz/khazakh-olejin-dep-tyr-tyrsyn-zhyrtbaj-297489

— Сонымен қатар, халықтың өзін өзі сәйкестендіруі деген түсінік бар.

Елден кетуге ниет білдірген 10 процентке кірген адамдар қазақстандық қоғамнан орнын тауып, көпшілікпен біріге алмағандар.

Олар өздерін біздің қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне алмады, өйткені олар өздерін жат сезінді, — дейді Қаражанов.

https://kaz.365info.kz/zhynymdy-shygardy-khazakhstanga-oralgan-atakhty-galym-khajtadan-shetelge-ketip-khaldy-291916

Әрине, әлеуметтік-экономикалық қиындықтар адамдарды елден кетуге итермелейтінін жоққа шығаруға болмас. Алайда бұл онсыз да елден кетуге шешім қабылдағандарға ғана әсер етеді.

— Егер сен өзіңді осы қоғамның бөлігі санасаң, онда сен осы елде тек жаймашуақ мамыржай күндерде ғана емес, сондай-ақ қиын заман туғанда да қаласың. Егер сен осы елді өз елің, өз отаның деп санайтын болсаң, сен бұл жерден ешқайда кетпейтін боласың, — деген пікірде Қаражанов.

Саясаттанушы эмигранттар Қазақстандағы демографиялық өсімге, адами капиталдың сапасына соншалықты әсер етпейді деген сенімде. Өйткені халықтың табиғи өсімімен салыстырғанда, олардың саны тым мардымсыз.

— Қайта, оның орнына өлім-жітім мәселесіне көбірек көңіл бөліп, денсаулық сақтау саласының жұмысын және тағы басқаларын жақсартуға көңіл бөлген жөн. Барлық мәселелер сонда жатыр, — дейді сөзін қорытындылаған Қаражанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз