Бокс федерациясы Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының жаппай отставкаға кеткенін мәлімдеді.
«Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз», – делінген Бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тізім:
– Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;
– Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;
– Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;
– Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус.