Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Боқаев пен Аянның ісі бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды

Бұдан соң судья өтінішке қатысты шешім қабылдау үшін бес минуттық үзіліс жариялады. Үзілістен соң сотқа өзге Дүйсебалиева деген судья келіп, адвокаттың өтініші қанағаттандырылмайтынын айтып, сот залынан шығып кетті. Осы кезде Макс Боқаев “Ешнәрсе естілген жоқ, судья дұрыс оқымады” деп наразылығын білдірді. Бұл судья ақырын сөйлегендіктен не айтқаны сот барысын өзге бөлмеде монитор арқылы тыңдап отырған журналистерге дұрыс естілмеді.

Сотқа келген құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев “Егер соттың алдын ала отырысының өзі осындай жағдайда өтсе, онда бұл процестің шынайы өтетініне күмәнім зор” деді. Бұдан соң сотта түстен кейінге дейін үзіліс жарияланды.

Макс Боқаев пен Талғат Аян 24 сәуір күні Атырау қаласында жер реформасына қарсылық ретінде өткен жаппай митингтен соң қамауға алынған. Макс Боқаев пен Талғат Аянға бірқатар қылмыстық баптар (соның ішінде “алауыздық тудыру”, “заңсыз митинг ұйымдастыру”) бойынша айыптары тағылған. Азаматтық белсенділер бұл айыптардың ешқайсысын мойындаған жоқ. Қамаудағы Макс Боқаевтың туыстары оның денсаулығына алаңдайды.

10 қазанда Human Rights Watch халықаралық ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша зерттеушісі “Макс Боқаев пен Талғат Аян қарсылық білдіру құқығын пайдаланғаны үшін де, өзгелерді қарсылық білдіруге шақырғаны үшін де қамалмауы тиіс. Үкімет саясатына қарсылығын білдіру – қылмыс емес” деп мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз