Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

БҚО-да оқушы ер бала қыз балаға шприц сұғып алған

223

Оқиға 22 қазан күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді мекеніндегі Х.Нұрымғалиев атындағы орта мектеп ауласында орын алды.

Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің айтуынша, мектеп ауласында 7-сыныпта оқитын ер бала 6-сынып оқушысының сол жақ иығы тұсына шприц инесімен жарақат салған.

Ауылдың фельдшері 2006 жылғы қыз балаға алғашқы көмек көрсеткен.

«Бүгін қыз баланы аудандық ауруханаға алдырып, ол толық тексеруден өтіп, емделуде», деді Ш.Сәрсенғалиев.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Елжас Қадыров қазіргі кезде қыз баланың ата-анасымен сөйлесіліп, мән-жайдың анықталып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш мәселе әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз