Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

БҚО-да бастығын атып өлтірген сержант қысымға шыдамаған болуы мүмкін

https://kaz.365info.kz/zhigit-khalyndygynyn-khypiyasyn-bilip-khojyp-zhantyrshigerlik-khylmys-zhasady-330900

“Болған нәрсе болды. Бәрі алда ғой енді. Ең бастысы балалары аман болса болы. Ал қолын қанға бояған 24 жастағы сержант Серік Ғалиевтің жақындары оның бұл жауыздыққа баруын ақша бопсалаумен байланыстырады”, дейді Р.Рақышевтің інісі

Олардың айтуынша, сержантқа қатты қысым жасалған.

“Оған үнемі қысым көрсетілген. Оның адамды жайдан-жай атып тастауы мүмкін емес”, дейді ол.

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша іс қозғалды. Тіптен, мәселенің ақ-қарасын айыру үшін Астанадан арнайы комиссия құрылып осында жеткен.

“Бұл комиссия ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті және әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінен құрылған. Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындады. Алдын ала жинақталған мәліметтерге қарағанда қылмыс жеке келіспеушіліктер салдарынан орын алған. Бұл қылмыстық іс ІІМ бақылауында”, деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі дейтін қызметкерлердің қан қырғынға баруы көпшілік сеніміне селкеу түсіргендей. Шағын аудан үлкен ауқым алған оқиғаның әсерінен әлі айықпады. Командирге оқ жаудыруға сержантты не итермелегені комиссия тексерісінің қорытындысы бойынша белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз