Іскерлік белсенділік индексі 2020 жылдың басынан бері алғаш рет жақсы жаққа көтерілді.
Наурыз ерекше ай болды. 2020 жылдың басынан бері алғаш рет индекстің мәні 50-ден асып, айдың қорытындысы бойынша 50,6 баллға жетті . Бұл ретте өзгеріс ақпан айының деңгейімен салыстырғанда 1,6 т.к. көтерілді.
“Индекстің өсуі көбінесе қызмет көрсету және өнеркәсіп секторындағы көрсеткіштің өсуіне байланысты болды, олардың индексі сәйкесінше 51,2 және 50,2-ге (ақпан айында 49,2 және 49,0) дейін артқан. Бұл ретте құрылыстағы көрсеткіш 46,5-ке (ақпан айында 47,4) дейін төмендеді”, – деп атап өтті ҚР ҰБ Ақша-несие саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов.
Өнеркәсіптегі көрсеткіштің өсуі тауар-материалдық қор көлемінің ұлғаюына, жеткізу мерзімдерінің қысқаруына және жаңа тапсырыстардың көбеюіне байланысты орын алды. Қызмет көрсету секторы бойынша индекстің барлық компоненттерінің жақсаруы байқалды: жеткізу мерзімдері, жұмыспен қамту деңгейі, жаңа тапсырыстар және іскерлік белсенділік. Ал құрылыста осы компоненттердің барлығы бойынша көрсеткіш төмендеді.
Жалпы республика бойынша жағдай біркелкі емес. Респонденттер наурыз айында аймақтардың жартысынан көбінде жағдай жақсарғанын атап өтті. Олардың қатарына Солтүстік Қазақстан (60,9), Қостанай (56,9), Қарағанды (53,5), Павлодар (53,3), Ақмола (52,1), Қызылорда (50,2), Жамбыл (50,0) және Ақтөбе (50,0) облыстары, сондай-ақ Шымкент (54,2) пен Нұр-сұлтан (51,1) қалалары кірді. Республиканың барлық басқа өңірлерінде ІБИ көрсеткішінің төмендеуі байқалады.
Бұл ретте:
“Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (60,9) және Қостанай (56,9) облыстарында байқалды. Ең төменгісі – Түркістан облысында (42,3)”, — деп атап өтті Жандос Шаймарданов.
Алайда бизнес ақпан айында өсу бар екендігі туралы белгі берді. Оны 2021 жылдан бастап Ұлттық Банк жариялайтын “Бизнес-цикл сағаттары” деп аталатын құралдың мәні көрсетті. Бірнеше параметр бойынша олар Қазақстан экономикасының қазір қай аймақта – төмендеу, өсу, көтерілу немесе құлдырау аймағында екенін көрсетеді. Оған әсер ететін факторлар қазіргі және болашақтағы экономиканың күйін бағалау болып табылады.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсеткіш көтерілу жағында болды, ал ақпан айында ол өсу аймағына “көшті”. Наурыздағы көрсеткіштері оның нығаюына мүмкіндік берді. Бұл ретте болашақтың жағдайын бағалау 0,4-тен 1,5 тармаққа дейін өсті. Ал ағымдағы жағдайлардың көрсеткіші 24-тен 18,6 тармаққа дейін төмендеді. Яғни, жалпы бизнес ағымдағы жағдайды нашар бағалай бастады, бірақ болашаққа үлкен оптимизммен үміт артты.
“Оның пікірінше, кәсіпорындардың өнімдері мен қызметтерге сұраныс жақсарды. Әсіресе өнеркәсіп пен қызмет көрсету кәсіпорындарына. Құрылыс секторындағы кәсіпорындар сұраныстың аздап төмендегенін көрсетті. Инфрақұрылым, қаржы мен несиеге қол жетімділік біршама жақсарды. Салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері бизнесті жүргізу шарттарына теріс әсер еткен факторлар болып қала береді”, — деп атап өтті Жандос Шаймарданов.