Заңды тұлғалардың ЕДБ-дағы салымдарының тоқсандық өсуі 2016 жылдың басынан бастап ең жоғары деңгейде жетті.
Сонымен қатар, 2020 жылдың үшінші тоқсаны бизнес қаражатын тарту тұрғысынан ең сәтті болды, мұндай көрсеткіштер кем дегенде 2016 жылдан бері тіркелмеген. Үш ай ішінде депозиттер көлемі 836,2 млрд теңгеге өсті.
Ұлттық Банктің деректері бойынша, заңды тұлғалардың салымдарындағы қаражаттың жалпы көлемі 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10 трлн 284,2 млрд теңгені құрады. Бұл жаңа рекорд. Бұл ретте 10 трлн теңге межесі алғаш рет еңсерілді.
Қыркүйек айында «Халық банкі» бизнес қаражатын тарту мәселесінде ең жақсы жұмыс жасады. Айдың қорытындысы бойынша шоттардағы қаражат көлемі 205,4 млрд теңгеге ұлғайды. Биылғы жылы басқа бірде-бір банк бір айда осынша көп қаражат тарта алмады. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осы ЕДБ заңды тұлғалардың шоттарына 3 трлн 577,6 млрд теңге орналастырылды — бұл еліміздің барлық банктері арасындағы үздік көрсеткіш.
Сбербанктің көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша олар 91,9 млрд теңгеге өсіп, жаңа рекорд орнатты – заңды тұлғалардың депозиттерінде 1 трлн 090,6 млрд теңге орналастырылды. Сонымен қатар, басқа да банктер өткен айда жақсы динамика көрсетті. Олар:
Кейбір банктер орналастырылған қаражат көлемі бойынша рекорд орнатқан кезде, басқаларын өз клиенттерін жоғалтып жатты.
Jysan bank-тің клиенттерінің көбі таңдауларын өзгертті. Бір ай ішінде заңды тұлғалардың салымдары 29%-ға қысқарды. Абсолюттік цифрларда төмендеу 146,7 млрд теңгені (361 млрд теңгеге дейін) құрады. Алайда, салымдары тамызда 203,6 млрд-қа артқан еді.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі Қазақстанның 14 ірі ЕДБ-нің 13-іне, оның ішінде үздік 9 банкте өсті. Бұл көрсеткіш бойынша «Халық банкі» көш бастап тұр. Жеке тұлғалардың салымдары 65,1 млрд теңгеге өсті. Осылайша, Kaspi bank-тің гегемониясы үзілді, ол алдыңғы бес ай ішінде өсім көлемі бойынша көшбасшы болған еді. Қыркүйек айында Kaspi-дің көрсеткіші 25,7 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа:
Жеке тұлғалардың қазақстандық банктердегі депозиттеріне орналастырылған қаражаттың жалпы көлемі 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10 трлн 355,4 млрд теңгені құрады. Бұл тағы бір рекорд, ол тамыз деңгейінен 185,9 млрд-қа артық.