Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Біздің қазақта ойын-сауықтан басқа ермек қалмаған ба?..

Ана аузы-бастарын қисаңдатқыш, ауыздарына келгендерін айта салғыш, бітпейтін сайқымазақ клоундар, таңның атысы, күннің батысы Қазақстан телеарналары мен концерт залдарын бермейтіндігі белгілі. Осылардың ауыздарына келгендерін айтқанына ішек-сілелері қата күлетін біздің сауықшыл көрермендерді түсінуден қалдым. Басқасын айтпаған да, қазір қазақтың несіне жетісіп күлетініне де түсінуден қалдым.

Ана ыржаңдаған Қоянбаевтар мен Қабатовтар және т.б. жыртылып, айрылатын сайқымазақтардан шаршамайтын не деген көнтері, талғамсыз жандар едік? Бұларды қолпаштатып қойған қандай «мықтылар» болды екен? Соңғы кезде телехабарларды негізінен әйел адамдар ғана көптеп жүргізетін болғаны да, өтірік пе? Сонда тележурналист қазақ жігіттері қайда кеткен?

Қорыта айтқанда, біздің қазақта ойын-сауықтан басқа ермек қалмаған ба өзі?..

Жұмаш Көкбөрі

Дереккөзqamshy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз