Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Біздің елде қазақ қана қиналып өмір сүріп жатқан сияқты…

314

Сізге неге айтып отырғанымды өзім де білмеймін деп, басындағы қиындығымен бөлісті:

Бірінші әйелімен бала болмағандықтан, салған 2-этаж үйін сол әйеліне қалдырып, ажырасыпты. Кейінгі әйелінен екі қыз бала бар екен. 75 мың пәтерге, 25 мың балабақшаға төлеген соң, бір өзінің табысы не болсын?!

Осы жетпейтін тіршілікке әйелі ренжіп, ажырасқанына 3 ай болыпты. “Балаларымды қимаймын, солар үшін қайта қосылайық десем, әйелім көнбейді. Бірақ, жетісіп жүрген жоқ” – дейді.

Сөзі түзу, тым жақсы азамат. Жасы 45-те екен. Қолынан түрлі өнер келеді. Ішпейтін, шекпейтін жақсы қасиеті де бар екен. Бір сәтсіздік айналдырып жүрген сияқты.

Тыңдап отырып, жартымды ақыл бере алмай, қиналғаным-ай… Біреулер көмектессе ғой деймін де…

Бірнәрсе бітірердей телефонын сұрап алғанымды қайтейін?! Біздің елде қазақ қана қиналып өмір сүріп жатқан сияқты…

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз