Халық «өнімнің экологиялылық тазалығына» емес, оның бағасына қарайды
«Евразия әлемі» клубының кезекті отырысында осы мәселе талқыланды.
«Евразия әлемі» ҚҚ басшысы Эдуард Полетаев:
әлемдік дағдарыстың кесірінен «біраз экологиялық проблеманың шешімін табу жұмысы кейінге қалдырылды», – деп атап өтті
«Жасыл» экономикаға өту көптеген қаржылық және ұйымдастырушық шығындарды қажет етеді. Сондай-ақ ескі, экологиялық лас өндірістердің қайта жабдықтауға қаржы жоқ.
— Дегенмен де, ЕАЭО елдері «жасыл» экономикаға өте алады. Олардың ресурстық әлеуеті жеткілікті. 2010 жылы Қазақстан «Жасыл көпір» туралы бастама жасаған болатын, 2011 жылы оған БҰҰ Бас ассамблеясы қолдау білдірді. 2013 жылы Қазақстан 2050 жылға дейін тұрақты дамуға өту туралы Тұжырымдамаға қол қойды, – деп атап өтті саясаткер.
Сонымен қатар 2016 жылы ЕАЭО аясында «Еуразиялық технологиялық платформалар» құрылды. «Экологиялық даму технологиясы» платформасының маңызы зор. Бұның аясында бірлескен экологиялық жобалар тізімі анықталды. Бұған қоса біз 2019—2020 жылдарға арналған турситік саланы дамыту бағдарламасын іске асырудамыз. Бұл да экологиялық тақырыпқа қатысты. Біз бүгінгі таңда қандай да бір нәтиже көруіміз керек еді. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
— Дегенмен де,
Қазақстанда экологиялық айыппұл көлемі өскенімен, қоқыс шығару деңгейі төмендеген жоқ. 2018 жылы ол 2,5 млн теңгені құрады
Энергетикалық және таулы-металлургиялық сектор, сондай-ақ мұнай өндіру саласы қоршаған ортаны ластау бойынша көш бастап тұр, – дейді Полетаев.
Қайта жаңартылатын объектілердің өскені туралы есеп бергенімен, олардың қуаты туралы жиі айтыла бермейді. Ал
энергия өндірудің 1,7% пайызы ғана қайта жаңартылатын энергия көзіне тиесілі
Саясаткер бұл қоғамға эмоционалдық деңгейде әсер ететін «даулы пікірталас категориясына» енді деген пікір білдіреді.
— Мәселен, Көк Жайлау шатқалындағы тау шаңғысы курортының құрылысы біршама уақыт бойы алматылық белсенділердің наразылығын тудырды. Экологиялық тақырып қайта құру жылдарының өзінде-ақ саяси тақырыптардың біріне айналды. Бұның бір дәлелі «Невада-Семей» қозғалысы. Бұдан кейін экологиялық наразылықтар болмады десек те болады, дегенмен соңғы жылдары өзекті тақырыптардың біріне айналды, – дейді саясаткер.
Шығыстанушы Адил Каукеновтың баяндамасының негізгі идеясы келесідей болды:
кедейлік пен экологиялық тазалық керегар ұғымдар
— Біздің тұрғындар өнімдердің экологиялық тазалығы туралы ойлана бастады дегенде, ірі қалалардағы белгілі бір адамдар тобы туралы айту керек.
Олар ақшасы бар адамдар
Экологиялық таза өнім туралы «Оптовка» немесе «Алтын Орда» базарларының сатып алушыларымен сөйлесіп көріңіз. Олар азық-түлікті мейілінше арзан бағаға алуға тырысады, – дейді ол.
Сарапшы Үндістанды мысалға келтірді, онда тіпті Ганг өзенінің өзі ластанып кеткен. Каукеновтың пікірінше:
—Кедейлік жағдайында «жасыл» қозғалыстардың болашағы жоқ. Ірі өндірістік қалаларда болатын да шығар. Мәселен, Павлодар тұрғындарының онда зиянды қалдықтарды жою бойынша зауыт құрылысына қарсылығын айтуға болады.
Экологиялық тазалық туралы айту үшін жақсы қалыптасқан орта тап өкілдері болуы керек.
— Осы тұрғыда Қытайды мысалға келтіруге болады.
Елдің жағдайы нашар, кедейлігі ең төменгі деңгейде болғанда, оның экологиясы да адам шошырлық деңгейде еді
Тұрғындардың басым көпшілігінің жағдайы жақсарғаннан кейін бірден экологиялық бағдарламалар өз нәтижесін көрсетті. Қытайдың ірі өндірістік аймақтарында, соның ішінде Шанхайда қалдықты сұрыптап жинау бағдарламасын енгізу мүмкін болды. Экология мемлекеттің бес басым бағыттарының бірі, – дейді сарапшы.
Сондай-ақ ол
экологиялық күресте (қалдықты сұрыптауда) айыппұл сомасының жоғарылығы мен жазалау қатаңдығы өз ықпалын тигізіп отыр, – деп толықтырды.
— Қытайлықтар экологияны сақтау керегін түсінді. Соған сәйкес, үлкен көлемдегі айыппұлдарға да түсіністікпен қарайды, – деген пікір білдірді Каукенов.
Профессор Рустам Бурнашев:
Экономикалық фактормен бірге, идеологиялық насихаттау факторы да маңызды
— Жалпы алғанда «жасыл» экономика тұжырымдамасының өзі толық талданбаған, біз нақты нені талқылап отырғанымызды өзіміз білмейміз. «Экология», «тұрақты даму», «жасыл экономика»… секілді терминдерді қолданамыз, бірақ олар әртүрлі ұғымдар. Бұның барлығы тақырыптың бұрмалануына себеп болады, – деп мәлімдеді профессор.
— Мәселен, күн батареялары – жақсы және экологиялық таза. Бірақ жағдайды анықтап қарағанда өндіру мен пайдаланудың зияндығы туралы мәселе туындайды. Күн энергетикасының өзі экологиялық таза процесс емес, – дейді Бурнашев.
Мысал ретінде тағы да Қытайды келтірді. Бұл елде
бастапқыда шағын деңгейде тұжырымдама жасалып, кейіннен үлкен деңгейге шығарылады
Шағын деңгейдегі тұжырымдама дегенде, пластикалық пакеттерді пайдалануды шектеу шараларын айтуға болады.
— Дегенмен Қытайдағы экологиялық проблемалар Батыстың қысымымен шешімін табады. Мәселен, Сіздердің самолеттеріңіз Еуропаға ұшпайды, себебі экологиялық стандартқа сәйкес келмейді деген ультиматум қояды. Нәтижесінде амалсыздан Airbus сатып алуға тура келеді, – деп толықтырды сарапшы.
Саясаткер Замир Каражанов «жасыл экономикаға» өту бойынша жұмыс істеп жатқан қазіргі бағдарламаларға күдікпен қарайды.
— Бұл құжаттар қаншалықты жұмысқа жарамды деген сұрақ туындайды. Егер жеке-жеке қарастыратын болсақ, қоқысты өңдеу, соның ішінде пластикке қатысты үлкен дау туады, – дейді.
«Жасыл экономика» көп қаржыны талап етеді. Бұл ең басты проблема!
—Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінде мемлекет коммуналдық сектордағы шығындардың бір бөлігін өз мойнына алса,
Қазақстанның шатырларға күн батареяларын орнатуға бөлінетін бюджеті соншалықты үлкен емес
Сондай-ақ энергия алатын негізгі көзді анықтауға қатысты әлі де пікір-таластар жүріп жатыр. Әрине, күн, жел, су энергиясы болашағымызбен байланысты болғанымен, қазіргі таңда қолымызда көмір бар. Оның қоры көп және ол энергияның арзан көзі , – деп пікірін білдірді.