Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бізден жанашырлық күтпеңіздер – дәрігер антиваксерлерге қатты айтты

211
Фото: zn.ua

Израильдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Сәуір-маусым айларында коронавирус жұқтырғандардың саны аптасына орта есеппен 30-40 адам деңгейінде болды. Ол шілде айында көбейді. Бүгінгі таңда вирус жұқтырғандардың саны жыл басындағы көрсеткішке жақындады.

Сонымен бірге елде вакцина алу нашар жүріп жатыр. 15 тамыздағы жағдай бойынша, елде халықтың 58%-ы ғана екпе алып, сосын қарқын төмендеді. Израильде вакцина салуға қарсылық білдірген қозғалыстардың екпіні қатты және коронавирусты құбылыс ретінде жоққа шығарып, бетперде киуден бас тартқандар бар. Олардың негізгі ұраны — «Менің таңдау еркіндігім бар, ал менің таңдауым – вакцина алудан бас тарту». Немесе – «маска кию немесе кимеу – әркімнің жеке ісі».

Бізді марапаттап жатқан жоқ – жұмыстан шығаруда

Жағдайдың нашарлауына байланысты Израиль дәрігерлері қайтадан жұмысқа жұмылдырылды, бұл туралы профессор әрі тәжірибе жасаушы Шарон Энав ФБ-ға жазды. Және де оның жазбасын жанына батқан жан айғайы деп атауға болады.

Міне, жазбадағы тезистер:

Мен айтуға тыйым салынған нәрсені айтамын, себебі бұл саяси тұрғыдан дұрыс емес. Қазір коронавирустық бөлімшелер қайта ашылуда. Вакцина алуға қарсы шыққандар ауруханаға түскенде дәрігерлерден жанашырлық күтпесін. Біздің шыдамымыз таусылды.

Алты күндік соғыста әрбір бесінші сарбаз жарақат алды, бірақ өлген жоқ. Коронавируспен соғыс бір жылдан астам уақытқа созылды.

Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған коронавируспен ауырғандардың 65%-ы қайтыс болды

Бұл әрбір бесінші сарбаздан да көп. Әр екіншісінен де көп.

Біз, медицина қызметкерлері, өзімізді құрбан еттік, өзімізге және туыстарымызға жұқтыру қаупі бар. Біз туралы ержүректікк кітаптар жазылған жоқ, поэзияда мақтау айтылған жоқ, медальдармен марапаттамады. Осы соғыста қаза болғандарды еске алу үшін алтын билбордтар қоймады.

Сонымен бірге, қоғам қаржы министрлігімен бірігіп бізге шағымдануды, жалған қауесеттер таратуды және жұмыстан шығару жалғастыруда. Сонымен қатар, эпидемия күшейгенде жұмыс істеген әріптестерімді жұмыс азайды деп вирус азайғанда жұмыстан шығарды.

Үшінші толқын аяқталғаннан кейін бізді ешкім оңалтуға жіберген жоқ.

Бізден қалыпты жұмыс режиміне оралуды талап етті — банкроттың алдында тұрған ауруханалар эпидемиядан келген шығындарды тез жабуы керек.

Біз шаршадық

Енді қайтадан скафандр киіп, екі ауысыммен жұмыс жасаймыз деп ойлаймын, денеміз терлейді, қышиды және бөртеді. Кейде мұндай киіммен дәрігерлер есінен танып қалады. Мұның бәрі не үшін?

Өйткені

вакцина алмауға «құқығыңыз бар». Сіз осы құқықты пайдалануға шешім қабылдадыңыз. Маска кию қиын, шектеулерді сақтау қиын. Білесіз бе? Бізге де қиын. Күнделікті денсаулығымызға қауіп төндіру өте қиын

және туыстарымыздың да өміріне. Мұндай жағдайда жұмыс істеу өте күрделі. Ауруханалардағы күңіренген атмосферасы одан сайын жағдайды қиындатады. Сіз вакцина алудан бас тартуды таңдадыңыз. Неліктен өзіне қамқорлық жасамайтындарға біз қамқорлық жасауымыз керек?

Біз, вируспен күрестің алдыңғы қатарындағы дәрігерлер, шаршадық. Не қорқынышты екенін білесіз бе?

Соңғы күндері жабық есіктердің артында шайқастар жүріп жатыр:

дәрігерлер саусағының ұшын да қимылдатпағандар үшін қайтадан құрбандыққа бастарын тігеді деген ойдың өзі ашуландырады.

Олар тіпті өзі үшін де, қоғамның мүддесі үшін күш жұмсамайды да.

Вакцина алмау – бұл адамның жеке таңдауы. Сондықтан жанашырлық күтпеңіз. Түсіністік танытуды күтпеңіз.

Сіздер үшін жылайды деп ойламаңыз.

Адамгершіліктің шегі

Шаронның еврей тілінен аударылған және ондаған сайттарда жарияланған жазбасы қарама-қайшы пікірлер тудырды. Кейбіреулер дұрыс ой айтқаны үшін ризашылығын білдірді, енді бірі оны дәрігер деп атаудан бас тартты.

Бұл Израиль дәрігерінің екінші жазбасын шығаруына итермеледі. Міне, ол қысқаша былай деп жазды:

«Маған бірінші кезекте адамгершілік жағынан көшбасшы болып табылатын медициналық мекемеде жұмыс істеу бақыты бұйырды. Пирамиданың жоғарғы жағында реанимация бөлімшелері орналасқан. Мұнда министр де, қысқа жолдар немесе күтетін кезектер де және мансаптық өсу де жоқ. Бірақ бұл жерде адамдарға деген сүйіспеншілік пен басқаларға жақсылық жасауға деген ұмтылыс көп.

Студенттерде дәрігердің адамгершілігі туралы арнайы семестрлер бар. Оның ішінде медициналық этика және өлімді қабылдау (әсіресе бас тарту) курстары бар.

Біз, барлық елдердегі дәрігерлер, науқастың жылауын, ауырсынуын, қайғы-қасіретін және тіпті өлімін сезінуге дағдыланғанбыз. Жақын адамынан айырылған отбасының көз алдында бір де біреуіміз жыламаймыз.

Енді елестетіп көріңіз:

30 жастағы әйел 8 науқасты 12 сағат бойы аман алып қалуға тырысады, бірақ олар қайтыс болды. Бұны мен ойлап тапқан жоқпын. Солай болды

Біріншісін тірілтіруге тырысып, өзі еңіреп жылады. Екіншісінде де қатты жылады. Содан кейін өз-өзін ұстап дауысын шығармай жылады –  ұялды, өйткені дәрігерлерге бұл жат. Ол бесінші денені өзіне ашуланып орады, медицинада бұны үйреткен жоқ. Ол денені орауды емес, емдеуді үйренді.

Шаршау

Содан кейін 10 минуттық үзіліс жасады. Ұзақ тынығуға болмайды, қызметкерлер жеткіліксіз. Ол құрғақ тамақты жеді – су ішпеуге тырысу  керек, өйткені қорғаныс костюмінде дәретханаға бара алмайды. Аллергиясы болса да, қант диабетімен ауырса да, тіпті жүкті болса да, маңызды емес. Ол туралы ойлауға уақыт жоқ, өйткені қайтадан скафандр киіп, коронавирус бөлімшесінің реанимациясына барады.

Осы костюммен итше терледі, бірақ сезімдерін елемеді. Бұл жолы бәрі ойдағыдай болады және адам қайта тіріледі деп үміттенді. Бірақ сәтсіздікке ұшырады. Алтыншы денені жаймаға орады.

Бір науқастың туысы келіп, әкесінің 10 минут бойы су сурап жатқанын, оған ешкім су әкелмегенін айтып шағымданды. Су әкеліп беріп, қайтыс болғандарды орайтын жайма әкелуге барды. Науқастардың басқа туыстары келіп төсек-орнын ауыстыруды сұрады. Ал ана палатада монитор дыбыстық белгі беріп жатыр, көріп қайту керек. Ана жақта екі медбике салмағы 170 кг науқасты басқа қырына аударып жатқызуға тырысып жатыр,  көмектесу керек. Сонымен қатар дәрі-дәрмек таратып, ыдысты ауыстыру керек. Ал мына жердегі науқасты көріп, ертеңге дейін оның тірі қалмайтынын түсінді.

Дәрігерлер басқа қызметкерлер болмағандықтан да көмекке келеді. Толық ауысымда ол бірнеше шақырым жүреді, көптеген килограммдарды көтеріп, қаншама литр көз жасы мен терін төгеді. Күн сайын осылай. Медбикелер мен ер қызметкерлер 12 сағат, дәрігерлер 24 сағаттан.

Ауысымнан кейін үйге қайтады. Жолда ашық тұрған кафелер, көңіл көтеріп жатқан адамдар… және барлығы бетпердесіз

Артында тұрған жүргізушілер де ашулы, өйткені ол бағдаршамның алдында бір сәт тұрып қалды. Ал үйде балаларының көңіліне қарау керек. Тамақ пісіру және ыдыс жуу. Жаймаларды жуу керек. Қолына жайманы ұстап тұрып жылайды. Өзін жынды сезінеді, өйткені бұл  өлген адамдарды есіне түсіреді. Күн сайын. Құдайдың құтты күні.

Бұл сіздің таңдауыңыз

Сонымен, рахмет. Әріптестеріме – дәрігерлерге, аға-әпкелерге, физиотерапевтерге, психологтарға рахмет (егер біреуді ұмытып кетсем, кешірім сұраймын). Жазбамнан кейін маңызды пікірталас тудырғаны үшін ризашылықтарын білдірген көптеген хаттар, ватсап және қоңыраулар үшін рахмет. Иә, бұл туралы айтуымыз керек!

Ал ренжітуге және қорлауға тырысқандар үшін. Менің сөздерімнен кейін ашуға булығып жатқандарға. Жайлы әлемінен бірер минутқа шыға алмайтындар мен медицина қызметкерлеріне деген жанашырлық сезімін білдіре алмайтындар үшін. Вакцина алсам, өзіме жамандық жасаймын деп алаңдайтындар үшін. Айтайын.

Өзін ғана ойлайтындар тірі кезінде көпшілік адамдарға көмектесуге тырысатындарды ешқашан түсінбейді. Сондықтан қайталаймын:

егер сіздің таңдауыңыз вакцина алудан бас тарту болса, бізден, дәрігерлерден, түсіністік, аяушылық және жанашырлық күтпеңіздер

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз