Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бізде қазір жарты миллиондай адам жұмыссыз екен

Сонымен қатар, 2015 жылғы дағдарыс кезінде қатты өсіп кеткенімен, жалпы алғанда біраз жылдардан бері жұмыссыз халық саны қысқарғаны байқалады.

Дегенмен, 2016 жылдан бастап-ақ жағдай тұрақтанып, өткен жылы да едәуір түзелген.

2017 жылдың 4 тоқсанында ҚР бойынша 439,3 мың жұмыссыздар саны – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,4%-ға азайған.

2017 жылдың басынан бері 4,9%-дық көрсеткіш сақталып келеді.

2017 жылдың 4 тоқсанындағы жұмыссыздық көрсеткіші Қазақстан бойынша 16 аймақтың 7-де қысқарған.
https://kaz.365info.kz/omirde-zhalkhau-tosekte-mylkhau-kedej-taksistin-ajeli-boludan-sharshadym-286830
Жұмыссыздықпен күрес бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 7 %-ға, яғни, 32,2 мың адамға азайған.

Жұмыс табу бойынша қиындықтарды жою бойынша көшбасшы аймақтардың ішінде Қостанай облысы (жұмыссыздар саны 5%-ға, яғни, 24,5 мыңға азайған) мен Ақмола облысы да бар (2,8%, 20,6 мың адам).

Жұмыс табу бойынша ең көп қиындық туындап отырған – Астана қаласы. Елордада жұмыссыздар саны бір жыл ішінде бірден 6,8%-ға өскен. Бұл көрсеткіш 23,8 мың адамға сәйкес келеді.

Фото: islam.kz
https://kaz.365info.kz/khalaj-otkaz-beremin-khytajdan-zhykti-bolgan-baraholkadagy-khazakh-khyzy-293000

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз