Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Біз жындымыз… Телефонмен туалетке кіреміз”

155

Асханада болсын, қоғамдық көлікте болсын,

тіпті дәретханаға ала кіріп, телефон ақтарып отыратындар көбейді.

Қазір адамдар дастархан басында бірге отырса да бір-бірімен сөйлесуді қойған. Сөйлескеннен гөрі, телефон ақтарған әлдеқайда рахат.

Алғашында көшеде қолын сермеп сөйлеп, сақ-сақ күліп бара жатқандарды көргенде «қозбасы бар ма, ауру ма, жынды ма?», деп ойлап қалатынмын. Сөйтсем, құлақтарына құлақ қапты тығып алып, есіп сөйлеп жүре береді екен ғой, әлгі нәлеттер.
https://kaz.365info.kz/ajelimdi-korinder-bir-zhigit-ajelimen-bolisip-zhyr-283882
Қазір көшеде өз-өзінен сөйлеп, бара жатқандарды көрсем, таңырқауды қойдым. Өйткені түсінікті.

Әлгінде фейсбукті ақтарып отырып, Жанар Оразымбет деген журналист құрбымның дәл мен айтып отырған тақырыпқа жазған мына жазбасын тауып алдым. Ол былай дейді:

«Бағана банкте отырсам, бір егделеу кісі “Бір жылы жүзді жігіт жайраңдай амандасып қарсы келе жатыр екен. Тегі алыстан қал-жағдайымды, денсаулығымды сұрағыштап, іші-бауырыма кіріп барады. Құдай ұрғанда түрін тани алсамшы! Тіптен шырамыта алмаған соң “Кімнің баласысың, шырағым?” дейін деп оқтала беріп ем, қасымнан өте шыққаны!

Ой, бар болғыр! Сөйтсем, құлағына әнебір немесін тығып ап, тілипонмен сөйлесіп бара жатыр екен ғой!”

Осыны айтты да қасымызда құлағын “бітеп” алып, сауалына жауап қатпай қойған әнебір зомби жігіт пен сояу тырнақ қызға бір қарап қойды».

Сөз жоқ, Жанардың айтып отырғаны ақиқат.

Көше толы осындай «жындылар». Не дейсің? Не ақыл айтасың оларға?

Рас, осы атың өшкір телефонның «арқасында» адамзат дүбараланып, зомбиға айналып бара жатыр. Бұл – ұлы эпидемия. Оның емін табу әй, қиын шығар.

Айжан Елеусізқызы
https://kaz.365info.kz/zhyndy-zhigitter-zhylanny-auzyna-nasybaj-ty-yp-zhiberdi-206032

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз