Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Біз Жапонияға кеткенде…”. Асанәлі Әшімов парамен ұсталған Ерлан Біләлға қатысты пікір білдірді

104

Естеріңізге салсақ, Әуезов театрының директоры бірнеше күн бұрын 1 жарым миллион  теңге пара алу кезінде ұсталған болатын.

Ол кінәсын бірден мойындағандықтан, тергеу аяқталғанша бостандықта жүрмек.

Әсем театрдың сахнасы бүгін күрсініске толды. Жиналған әртістер қауымының жанарлары солғын тартқан. Үзеңгілестері Ерлан Біләлдің басына түскен жағдай олардың да қабырғасын қайыстырғандай. Мүйізі қарағайдай Асанәлі Әшімов бастаған, Нұрлан Оразалиндер қостаған зиялылар араша сұрап, ағынан жарылды. «Құлагерді» сүріндірген Батырашты ел білуі тиіс екенін айтты.

Осыны ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын. Біз Жапонияға кеткенде, коллектив демалып жатқанда театрдың ішіне аппаратура орнатқан.  Ауырып жатқан жерінен шақыртып осындай жағдайға душар қылған

– деді Қазақстан театрлар қауымдастығының президенті Асанаәлі Әшімов.

Қаңтардағы «Ерлан парамен ұсталды» деген хабар демде от тиген қаудай лап етті. Құзғынға жиналған қарғадай, оны қаралағандар да қаптады. Өсектен өзектері өртенген өнер өкілдері Ерланның бір қателігі үшін тұнған талантын таптап, тұншықтыруға болмайтынын, директорлық тағынан тайғанмен, әртістік арғымағынан түспеуі керек екенін айтады.

Ерлан таза қалпы, өзінің ақ көйлек болмысымен, сенгіштігімен келіп осы жайсыз жағдайдың құрбаны болып отырғаны секілді . Тарихтан білеміз Моцарт пен Салеридің қалай болғанын. Демек арамызда Салерилер әлі бар. Олар ең қиын әрекетке барып отыр, – дейді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин.

Ерланның әріптестері оның адамдығын айтып ақтап, емірене, көздеріне жас алып егілді.

Жалғанды жалпағынан басқандар,

Ар-абыройдан асқандар,

Бәрі де сенің оғыланын, бәрі де.

Табала мейлі, тала мейлі,

Талып жығылған тұлғанның табанына

Ақ баталы алақанынды төсе мейлі,

Ол сенікі қазақ!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз