Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстан мен Қазақстанның экономикасына қатысты пікір білдірді. Ол өз сөзінде екі елдегі қарапайым халықтың тұрмысын салыстыра келе, қырғыздардың қазақстандықтардан да бақуатты тұратынын тілге тиек етті.
— Қазақстанға қатысты айтар болсақ, президент Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, ол — ТМД мемлекеттерінің арасында адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі бойынша көшбасшы ел.
Ал бізде Қазақстанмен салыстырғанда, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі тоғыз есе аз. Яғни, барлық есеп бойынша біздің азаматтар қазақстандықтарға қарағанда, жеті-тоғыз есе нашар тұруы керек.
Алайда біз, іс жүзінде, Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын қарапайым халықтың тұрмысы бір-бірінен қатты ерекшеленбейтінін білеміз.
Біздің Талас облысының тұрғындары көрші елдегі кей азаматтардан, мысалы, Жамбыл облысы адамдарынан жақсырақ тұрады, — дейді Атамбаев.
Дереккөз: nur.kz