Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Біз емес, “колбаса” кінәлі”. Magnum масқара жайтқа түсініктеме берді (видео)

Тексеру жүргізіліп, супермаркет салмағы 200 грамм жетпей қалған шұжықты шығарушы “Ансар Халал” ЖШС-ға хат жазыпты.

“Өндірушілер шұжықтың әрбір талы 650 грамм болатынын нақтылады. Демек, қағазда көрсетілген салмақ бастапқы салмаққа сай келіп тұр. Әрине, тауарды тасу мен жеткізу кезінде ол кебеді, кебу 2,25 проценттен аспау керек. Ал бұл арада кебу процесі жылдам жүріп, өндіріс технологиясының ауытқығанын аңғартады”, – дейді Роза Агафонова.

https://kaz.365info.kz/magnum-dykeninin-eldi-khalaj-aldajtyny-ashkere-boldy-video-288123

Ол мұндай жайтпен бірінші рет кездесіп тұрғанын айтады. Енді мұндайға жол бермес үшін шұжыққа таңба салу процесін өзгертпек. Егер осыған дейін бір апта сайын бағалар тексерілсе, енді әр екі күн сайын тексеріліп тұрмақ.

“Тұтынушылар өздері өлшеп алатындай да етеміз. Сатып алушылардан кешірім сұраймыз. Енді мұндай ыңғайсыз жайт қайталанбайды. Magnum Cash&Carry компаниясы өзінің беделіне кір келтіргісі келмейді, сондықтан әрбір тұтынушының пікірі мұнда аса бағалы”, – деді Роза Агафонова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз