Коронавирусқа тапсырған тест індет жұқтырғанын растамаған, бірақ ұқсас клиникалық көріністері бар пневмония COVID-19 ауруы бойынша отандық статистикаға енгізіледі.
«Біз халықаралық аурулар жіктемесіне сәйкес COVID-19-мен байланысты ауруларды кодтау кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын толық қолдануға дайынбыз», —
деді министр.
Цой әзірге инфекцияның 14 күндік инкубациялық кезеңі тізбегінің үзілуі үшін жеткілікті карантиндік уақыт өтпегенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта пневмониямен ауыратындар стационарлық және амбулаторлық деңгейде көмек алады. Біз барлық жағдайларды егжей-тегжейлі есепке алдық, өйткені бұл кадрлық қамтамасыз ету, қаржылық құралдар, жабдықтар мен дәрі-дәрмектердңғ қажетті ресурстарын жоспарлау кезінде аса маңызды», —
деді министр.