Белорусь президенті Александр Лукашенко жақында республикада болған наразылық акциясына қатысты пікір білдірді.
— Сіздер бүгінгі таңда барлық саяси мүдденің Беларуске шоғырланғанын көріп отырсыздар. Батыстан да, Шығыстан да. Соңғы тәулік ішінде болған жағдайды бақылай отырып, елдегі жағдайды өз мүдесіне пайдаланғысы келетін белгілі бір күштердің жанданғанын көріп отырмын. Біз оны бұрын да байқағанбыз. Бірақ біз Беларусьтің тұрақтылығын бұзу және елді белгілі бір майдан алаңына айналдыру үшін құрылған ауқымды жоспардың (бұл әзіл-қалжың емес, қорқыту емес) алдын алуға кейбір қадамдар жасадық. Біздің елде болған кейбір қуыршақтардың ғана емес, Белорустен тыс жердегі сол қуыршақтарды басқарып отырған адамдардың шынайы бейнесі көрінді, — деді Лукашенко.
Ол «ешкімге елдің тыныштығын бұзуға жол бермеймін» деп атап өтті.
— Өзінің бар өмірін осы тәуелсіз егемен мемлекетті құруға арнаған адам ретінде ешкімге елдің тыныштығын бұзуға жол бермеймін. Мені сіздердің және басқалардың түсінгенін қалаймын. Мен үшін егеменді және тәуелсіз Беларустен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен қалай болса да осы елдің тыныштығын, бірлігін сақтауға тырысамын, — деп түйіндеді Лукашенко.
18 маусым күні кешке Минскіде алдағы сайлауда Президенттікке үміткер Виктор Бабариконың қамауға алынғаны үшін ереуіл өтті. Сонымен қатар, акция қатысушылары сайлауалды науқан кезінде ұсталған Сергей Тихановский, Павел Северинц және Николай Станкевичке қолдау білдірді.