Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды – ҚМДБ

Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асып екінші жылға кіргені, сондай-ақ алты айлық марқа қозы (үлкен қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Сиырдың екі жасқа толып, үшінші жылға кіргенін, ал түйеден жасы бес жылдан асып, алтыншы жылға кіргенін құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек екенін жазады fatua.kz.

Қойдың бір жасы шамамен 6 ай. Себебі, саулықтарының буаздық мерзімі 145-155 тәулікке созылады, яғни орташа есеппен 5 ай 10 күн. Сол үшін шариғатта алты айдан асқан тоқты құрбандыққа жарамды делінген.

ҚМДБ биылғы тоқтылардың барлығы құрбандыққа жарамайтынын ескертеді. Өйткені тоқтының жасы кем дегенде алты айдан асқан және ірі болуы шарт. Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс. Еліміздің бірталай өңірлерінде сақман сәуір айында басталатыны белгілі. Әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда. Сондықтан, құрбан малын сатушылар мен тұтынушылар осыны ескергені абзал.

 

Дереккөз: baq.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз