Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Биыл жоғары оқу орындарында оқу ақысы қымбаттамайды

Сондай-ақ Серік Өмірбаев жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдері бағаны қымбаттатпауы тиістігін де айтты.

„Білім грантының құны да былтырғы деңгейдегідей,

яғни, орташа статистикалық баға — 346 мың теңге.

Біз грант құнын өсірмейміз. Сондықтан білім туралы заңға сәйкес, жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдері осы грант құнына, яғни 346 мың теңгеге сүйенетін болады. Сонымен қатар біздегі жоғары оқу орындары талапты жас түлектерді қолдау мақсатында өздерінің гранттарын тағайындай алады. Егер жоғары оқу орны қызығып отырған жас түлек болса, онда оны олар өздерінің грантымен оқуға қабылдай алады„ деді Өмірбаев.

Сонымен қатар,

биыл ҰБТ қазіргі қолданыстағы тәсілмен соңғы рет өткізілмекші екен.

2017 жылдан бастап қазақстандық жас түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін мектептен тыс, бөлек емтихан тапсыратын болады.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны – 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330 – қазақ тілінде оқығандар, 37 762 – орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 – қазақ тілінде, 23 970 – орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол  2 және 15 маусым аралығында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз