2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның 126 531 азаматы шетелге жұмыс істеуге кеткен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің басшысы Әсет Шонов мәлімдеді.
Айта кетейік, шенеуніктер көші-қон мәселесін министрліктің аппарат жиналысында талқылаған. 126 531 адамның ішінде 102 460 адам Ресейде, 15 790 адам Оңтүстік Кореяда, 2997 адам – БАӘ-де, 1912 адам Британияда жұмыс істеп жүр.