Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Биыл ҮЕҰ cыйлықақысына 134 өтінім түсті

287

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге 15 бағыт бойынша байқау жариялаған еді.

Сыйлықақы – үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың бір түрі. ҮЕҰ-ды дамытуға қолдау көрсету, олардың әлеуетін арттыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар өтініш берді. Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақы алуға қатыса алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
Биыл сыйлықақыға өтінім қабылдау 1 шілде мен 2 қыркүйек аралығында өтті. 134 өтініш ішінде 14-і қанағаттандырылмады. 9 өтінім ҮЕҰ дерекқорында болмаса, 3-і ҮЕҰ филиалдарының өтінімі болып шықты. Ал тағы 2 өтініште құжаттар пакеті толық болмай шыққан. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағында көрсетілген 15 бағыт (номинация) бойынша 120 өтінім қаралуға қабылданды.

Өтінімдердің басым бөлігі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау (31 өтінім), білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу (15), азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу (11), жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау (10) бағыттары бойынша келіп түскен.

Өтінімдер елімізден түкпір-түкпірінен келіп түскен. Ең көп өтінімдер (21 өтінім) Нұр-Сұлтан қаласынан қабылданған. Одан кейін Алматы және Атырау облыстарынан 13 өтінім жазылған. Жамбыл облысынан 12 өтінім қанағаттандырылған.

ҮЕҰ-ға берілетін гранттарға өтінім әлі де түсіп жатыр екен. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымованың айтуынша, 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 ережеге сәйкес, сенбі күніне келетін демалыс күндерін жылжыту ескеріле отырып, байқауға тек пошта арқылы 2 қыркүйектен кешіктірілмей келген өтінімдер ғана қабылданады.

Грант бойынша өтінімдерді мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлерінен және ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылар бағыттары бойынша тиісті салалардың сарапшыларынан құралған сарапшылар комиссиясы қарайды. Сонымен қатар, конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтінімдерді сарапшылар қашықтық жүйесі бойынша қарастыратын болады. Сыйлықақының бір бағыт бойынша көлемі 2 000 АЕК (5 миллион теңгеден астам) көрсеткішін құрайды.

Айта кетейік, Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) сыйлықақылар 2017 жылдан бастап беріле бастады. Сол жылы 59 өтініш бойынша сыйлықақы иегері анықталса, 2018 жылы 63 ҮЕҰ ие болды.

Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі даярлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз