ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні.
Ескерту: Хижра айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. “Арафа” мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.