Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Биыл – кәрістердің Қазақстанға жер аударғанына 80 жыл

145

Өткен ғасырдың 30-шы жылдары 100 мыңдаған Корей ұлтының өкілі жапондық милитаристердің қудалауымен Сахалин аралына күштеп көшірілді. Бірақ бұл басы ғана еді. 1937 жылы тағы 170 мың корей столыпиндік вагондарға тиеліп, ұлаң-ғайыр далаға жөнелтілді. Ол Қазақстан болатын. Осылайша олар алғаш рет көңілі кең қазақ халқының жеріне табан тіреді. Қазір сталиндік репрессияның тірі кәугерлері қалмады деуге болады. Алайда бүгінгі ұрпақ сол уақыттағы қазақ халқының көрсеткен қамқорлығын ұмытпаған.

Мун Гон Дя, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Әрине, сталиндік уақытта бәрі қорықты. Қазақ халқы өздері де аштықтың аз-ақ алдында бола тұра, ішіп отырған астарымен бөлісті. Осынау атаулы датаға орай Қазақстанға Оңтүстік Кореядан құрамында танымал өнер адамдары бар арнайы делегация келді. Республика сарайындағы 3 мыңға жуық көрермен оларды үлкен ықыласпен қарсы алды.

Георгий Кан, Алматы қаласындағы Корей орталығы төрағасының орынбасары:

– Біздің елімізде әр этнос өкілінің тең жағдайда өмір сүруіне, өсуіне бар мүмкіндік жасалған. Қазақстандағы корейлер – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасын байланыстыратын негізгі әрі тірі көпір. Бүгінде елімізде 100 мыңнан аса корей өмір сүріп жатыр. Олардың Қазақ жеріне жер аударғандарына 80 жыл толуына байланысты Қазақстандағы корейлердің энциклопедиясы да жарық көрді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз