Қазақстанда жеке кәсіптің жабылу көрсеткіші күрт артты. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында шамамен 208 мың жеке кәсіпкер қызметін тоқтатты. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 83 мыңның төңірегінде болған.
Алаңдатарлық статистиканы Экономика министрі Серік Жұманғарин жариялады. Оның айтуынша, әдетте жыл басында шамамен 100 мыңға жуық кәсіпкер жұмысын тоқтататын. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге жуық өскен. Министрдің бағалауынша, жабылған кәсіпорындардың шамамен 100 мыңы соңғы енгізілген өзгерістермен байланысты. Дегенмен ол бастапқыда жабылатын кәсіпкерлер саны 300 мыңға дейін жетуі мүмкін деп болжаған.
Қазақстандық кәсіпкерлер салық жүктемесінің артуы мен жұмыс жүргізудің қиындағанын айтып шағымдануда. Осыған байланысты кейбірі бизнесін жауып жатса, енді бірі жаңа талаптарды айналып өтудің жолдарын іздеуде.