Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Биыл 38 мыңға жуық білім гранты бөлінді

111

Конкурстық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады. Жыл бойы министрлік студенттер контингентін іріктеу сапасын арттыру және қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Биыл жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді.

Оның ішінде 35 082 грант 1-курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант және т.б. қарастырылды.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысуда, оның ішінде 49 858 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында 9 148 адам квота бойынша оқуға конкурсқа қатысуда.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз