Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Биыл 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды

165

Балалардың үлесі барлық алушылардың 62,4% құрайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АӘК алатындардың шамамен 40% көпбалалы отбасылар (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам) құрайды.

«АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлеріне келеді, онда барлық алушылардың 67% астамы шоғырланған: Оның ішінде:

• Түркістан облысында – 96 800 отбасы,
• Алматы облысында – 53 600 отбасы,
• Шымкент қаласында – 51 600 отбасы,
• Жамбыл облысында – 39 000 отбасы
• Қызылорда облысында – 31 700 отбасы.

Биыл 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК-ті белсенді алушылардың саны 335 200-ден астам отбасы немесе 1 733 000 адам, оның ішінде 1 487 000-ы – балалар», – деді министрліктен.

Бұл ретте, 69 мың 700 отбасына немесе 351 мың 200 адамға АӘК-ті төлеу аяқталған.

«2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд 500 млн теңге көзделген, оның 186 млрд 100 млн теңгесі республикалық бюджеттен және 18 млрд 400 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. Жалпы 144 млрд 300 млн теңге төленді», – деді ҚР ведомствоның Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті басқармасының басшысы Аяжан Жанғабылова.

Бұл ретте, ол бүгінгі таңда АӘК-тің еңбекке қабілетті 523 400-ден астам азамат алып отырғанын, оның 110 200-і немесе 21% жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жататынын атап өтті.

«Барлығы 43 500 адам немесе АӘК алушылардың жалпы санынан 39,5% жұмысқа орналастырылды. 13 400-ден астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. 89 мыңға жуық еңбекке қабілетті адамдар жұмыспен қамту органдарымен әлеуметтік келісімшарттар жасасты», – деп толықтырды Жанғабылова.

Министрлік ақпаратына сәйкес, бүгінде Электрондық еңбек биржасында шамамен 48 мың бос жұмыс орны бар.

«Яғни, отбасының қаржылық жағдайын жақсартқысы келетін жұмыспен қамтылған АӘК алушылар жұмыс таба алады немесе түйіндемелерін www.enbek.kz веб-сайтына орналастыра алады», – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз