Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бітімгер қала – Астана! Тоқаев жүректі тебірентті

133

Басқа емес, дәл біздің заман мен біздің буынымызға миллиондаған адамдардың тағдырын өзгерткен тарихи ұлы оқиғаларға куә болу бақыты бұйырған екен, деген сөздермен басталатын мақаласында Тоқаев былай толғанады:

Қазақстан біздің көз алдымызда бұрынғы кеңес елінен қарқынды дамып келе жатқан жасампаз мемлекетке айналды. Жай мемлекет емес, Орталық Азияның көшбасшысы, аймақтық держава, халықаралық аренадағы беделді де ықпалды ойыншыға айналып отыр.

Біз сондай-ақ, аса ауқымды геосаяси жобаның қатысушысы атандықжері кең-байтақ жаңа мемлекеттің астанасын ауыстырдық.

Жиырма жылдан астам уақыт ішінде кеңестік қаланың орнында мемлекеттің жаңа саяси тағдырын айқындаған, қазақ халқының үміті сияқты жалындаған жаңа астана бой көтерді. Біздің халқымыздың тәуелсіздік деген терең ұғымның тамырына бойлап, дәл осы тарихи жетістіктің бар маңызын түйсінуі Астананың құрылысымен бірге пайда болды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын көшіру туралы тарихи шешімді қиын-қыстау кезеңде қабылдады. Ол кезде жағдай шынымен қиын еді. 90-шы жылдардың ортасына қарай шаруашылық жүргізудің советтік жүйесі құлап, жаппай дағдарыс басталды, қоғам ішімде саяси катаклизмдер өршіп тұрған еді. Қоғам болашаққа қатты алаңдаулы еді, әлеуметтік апатия қозып, наразылық күшейіп кеткен. Сол сәтте енді ғана дүниеге келген Қазақстан мемлекеттілігіне шындап қауіп төнген еді.

Осындай өте ауыр сын жағдайында президент Нұрсұлтан Назарбаев нағыз Ұлт Көшбасшысының темірдей төзімі мен мықты ерігін көрсете білді. Тарихтың өзі оған халықтың қорғаушысы және бейтаныс жолға түрен салатын реформатор миссиясын мойнына ілді десек те болады. Қазақстан қарап отырмауы тиіс еді. Реформалар бастапқыда бәрімізге ауыр тиді, бірақ оның болашақта жеміс беретініне президенттің өзі шүбәсіз сенді.

Енді міне, жиырма жылдам астам уақыттан кейін жаңа астананың сәтті бой көтергенін Елбасының ең басты тарихи жетістіктерінің бірі ретінде сенімді түрде айтуымызға болады.

Қазір Астана қай жерде болмасын қарқынды даму мен әлеуметтік оптимизм, бейбітшілік пен қауіпсіздік символы ретінде танымал.

Бұл Астана шын мәнінде Қазақстанның тарихи парадигмаларының өзгеруі, өркениетті жолға түсудің символы, геосаяси мүдденің көрсеткіші. Мың өліп, мың тірілген біздің халқымыздың трагедиялық тарихында тұңғыш рет дәл осы Астанада қазақ мемлекетінің жаңа геосаяси мазмұны қалыптасты, ұлттың өзін-өзі айқындауы бастау алды. Қазақстанның халқы әлемдік өркениеттер арасында өзінің лайықты орнын ойып тұрып ала алды, әлемдегі барша ұлттар қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің отанымыздың жүрегі Астанада, болашақ «Мәңгілік мемлекетті» құруға қатысты, тіпті бүкіл халықаралық қауымдастыққа қатысты ең маңызды шешімдер осында қабылданады.

Астанада жаһандық ауқымдағы маңызды шаралар өткізіледі. Мәселен Астана төрінде талай рет ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚКҰ және ИЫҰ саммиттері болып өтті.

Шетел саясаткерлері мен халықаралық қоғам қайраткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайыту ісі жолындағы ерен еңбегін лайықты бағалауда.

Қазақстанның елордасы өз жауапкершілігіне бітімгерші-қала миссиясын алды. Қазіргі заманның ең өткір деген кикілжіңдері мен қақтығыстарын шешуге бағытталған келіссөздер ұйымдастырып, әлемдегі үлкен державаларды бір үстелдің басына жиюда. Әлемдік дипломатия лексиконына «Астаналық үрдіс» деген жаңа атау мықтап енді. Бұл – сириядағы дағдарысты инклюзивті түрде көпжақты келіссөздер арқылы реттеуді білдіреді.

Астана – өте сәтті шыққан геосаяси жоба. Тарихта мұндай ортанқол қалалардың осындай қысқа мерзім ішінде қарқынды даму жолындағы экономикалық, көлік және логистикалық орталыққа айналғанын паш ететін мысалдар соншалықты көп те емес. Бұл қала халықаралық сауда-саттықта жаңа, ерекше серпін берді.

Қазақстандықтар күн өткен сайын Астананың біздің ортақ тарихи тағдырымыз, қазақ ұлтының жаңаруының сивмолы, орындалатын үлкен армандардың қаласы екенін мықтап түсініп келеді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзілік тарихтың ең басты ойыншыларының біріне әлдеқашан айналған. Нұрсұлтан Наразбаевтай жаһандық машстабтағы шын ұлы тарихи тұлғаның ерен еңбектері ешқандай күдік туғызбайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз