Пара алған күдіктелердің тізімінде орналасқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың мүліктері ресми өкілдердің бұйрығымен тәркіленді.
Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.
Тәркіленген мүліктері:
– 2005 жылы несиеге алған Алматы қаласындағы пәтері;
– Отбасымен тұрған Астанадағы пәтері;
– Бишімбаевтың ата-анасы тұрған үй;
– Күдіктінің ағасының көлігі (көлік 2016 жылғы).
Еске сала кетейік, 2017 жылдың басында жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның шешімімен ҚР ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынған болатын.
2016 жылдың желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігі басшыларымен өткен кездесуде Ұлттық экономикада бірқатар өзгерістер орын алатынын мәлімдеген:
“Ұлттық экономика министрі Бишімбаев “Бәйтерек” холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелері үшін орнынан босатылады. Қазірде оның ісіне байланысты тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде”,- деді мемлекет басшысы.
Ұлттық экономиканың экс-министрі 2017 жылдың 13 қаңтарында тұтқындалды.