Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың тергеу изоляторында бірге отырған адаммен төбелескені туралы ақпарат тарады.
Бұл оқиғаға байланысиы ҚАЖК өкілдері түсініктеме берді.
“Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді”, – деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, экс-министр сот Қуандық Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған.