Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Бірыңғай валютаға келе жатырмыз ба? Мәскеу биржасы KASE акцияларын сатып алды

225

15 желтоқсанда КАЅЕ акцияларын Мәскеу биржасына сатқандығы туралы хабарлады. Мәскеу биржасының ықтимал үлесі, мәміленің мәні мен перспективалары туралы бізге “Тикмилл” халықаралық брокерлік тобының сарапшысы Арман Бейсембаев әңгімелеп берді.

Бестен бірін алады

Сарапшының пікірінше, Мәскеу биржасының KASE капиталындағы үлесі 1/5-ке дейін өсуі мүмкін.

— Бұған дейін, алғашқы сатып алу кезінде нақты сандар айтылған болатын. Алайда бастапқы мақсат өзгеріп кетуі де мүмкін екені түсінікті. Мәскеу биржасының өкілдері әртүрлі сандарды атады. Бастапқыда КАЅЕ-дегі үлесті 20%-ға дейін жеткізу жоспарланса, кейін бұл цифр 13%-ға дейін түзетілді, сондай-ақ 17% деген де мәлімет бар, – деп атап өтті Бейсембаев.

Менің ойымша, нәтижесінде Мәскеу биржасы 15%-дан 20-ға дейін үлесті алады

Бұл ретте экономист бір акция бағасы 13 918,67 теңгеге бағалануын нарыққа сай деп есептейді.

— Нарықтық құнды анықтаудың нақты критерийлері мен формулалары бар. Бұл мәміле ашық және БАҚ-та жарияланып жатқанына қарағанда, күмән келтірмеуі тиіс, — деді сарапшы.

Перспективада — бірыңғай валюта

Ол сондай-ақ осы мәміленің стратегиялық сипаты туралы пікірмен келіседі.

— Бұл Мәскеу биржасының қазақстандық нарыққа шығу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар KASE-нің Ресей нарығына шығу тұрғысынан да стратегиялық болып табылады. Ақыр соңында ЕАЭО аясында екі елдің қаржы жүйелерін үйлестіру және біріктіру бойынша алғашқы қадамдар жасалуда, — деп атап өтті экономист.

Бұл бірыңғай валюта енгізу үшін негіз дайындаудың ұзақмерзімді стратегиясы

Сонымен бірге, Бейсембаев Мәскеу биржасы КАЅЕ-ні толық бақылауға алуға ешқандай алғышарттар жоғына сенімді.

— Бұл екіталай. Бірақ Ресей биржасы KASE дамуының векторына әсер ететін және анықтайтын қатысушылардың бірі бола алады. 15-20% үлес — бұл үлкен бөлік, сондықтан мұндай акционермен есептесуге тура келеді, — деп атап өтті ол.

Акциялар құнын кез келген нәрсемен өтеуге болады

Мәміле туралы ресми хабарламада “акцияларды ақшамен төлеу әдісі” көрсетілгенімен, Мәскеу биржасы акцияларды бартер — технологиялар және инфрақұрылыммен есептейді деген ақпарат пайда болды.

Сарапшы бұдан ешқандай проблема көрмейтінін айтты:

— Мұнда детальдар мен нюанстарға назар аудару керек. Қайда және не қояды, қай бөлігінде, қол жетімділік деңгейі және меншік құқығы қандай. Менде ондай ақпарат жоқ, – деді ол. — Мәскеу биржасы ауқымды, капиталдандыру жағынан да кең, технологиялық және дамыған инфрақұрылымы бар. Олардың тәжірибесін біздің биржаға енгізуден тек оң нәтиже көреміз, – деп түйіндеді Бейсембаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз