Үкімет UTC+5 қолдайды.
«Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Еске салсақ, Қазақстан 1 наурыз күні бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Қазір ел аумағында 5-уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.